$ 479.26 € 546.21 ₽ 6.13

Қазақстан Құрылтайының алғашқы сайлауы 23 тамызда өтеді

Абдрахманов Мағжан
01 шілде 2026, 14:04
Қазақстан Құрылтайының алғашқы сайлауы 23 тамызда өтеді Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді.

Жарлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасы мен 95-бабының 1-тармағына сәйкес қабылданды. Құжат жарияланған күнінен бастап күшіне енді.

Президент Жарлығымен Орталық сайлау комиссиясына Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пен оны өткізуді ұйымдастыру тапсырылды.

Сонымен қатар Үкіметке, Астана қаласының, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараны жедел қабылдау міндеттелді.

Айта кетейік, 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне еніп, екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай институты жұмысын бастады.

Соңғы жаңалықтар