$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзербайжаннан жеңілді

Редакция
11 маусым 2024 13:24 1524
Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзербайжаннан жеңілді

11 маусымда футболдан Қазақстан және Әзербайжан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті. 

Матч барысында қазақстандық футболшылар жылдам екі гол соғып үлгерді.

Ойынның 2-минутында Ян Вороговский әріптесі Нұралы Әліптің берген пасын голға айналдырып кетті.

Ал 28-минутында Абат Айымбетовтың берген пасын әріптесі Максим Самаородов қақпа торында тулатты.

Қарсылас құрама сапынан Махир Эмрели 42-минутта есеп айырмасын қысқартса, Эмин Махмудов 51-минутта белгіленген пенальтиден мүлт кеткен жоқ. 

Ойынның 73-минутында Тұрал Байрамов соққан гол қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Қазақстан қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді. 

Айта кетсек, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымында Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топта ойнайды.

Алғашқы ойынын қазақстандық футболшылар 6 сәуірде Норвегияға қарсы өткізеді.

Маусым айының басында Станислав Черчесов футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы 7 маусымда Арменияға 1:2 есебімен есе жіберген еді. 

Соңғы жаңалықтар