$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан құрамасы Олимпия ойындарына Парижға аттанды

Редакция
17 шілде 2024 08:06 2673
Қазақстан құрамасы Олимпия ойындарына Парижға аттанды Сурет авторы: Туризм және спорт министрлігі

Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасында Қазақстан ұлттық құрамасын XXXIII жазғы Олимпия ойындарына ресми шығарып салу рәсімі өтті. Төртжылдықтың басты додасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында өтеді. 

Франция астанасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы спорттың 25 түрінен бақ сынап, 81 медаль жиынтығына таласады. Айта кету керек, Қазақстан Тәуелсіздік жылдарынан бері осымен сегізінші мәрте жазғы Олимпиадаға қатыспақ.

Қазақстан құрамасының спортшылары биыл алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енген брейкинг және бадминтон сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетеді. Брейкингтен ел намысын Әмір Закиров қорғаса, бадминтон сайысында Дмитрий Панарин бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар