Қазақстан Қашаған бойынша 10,7 млрд долларлық келісімшартта жемқорлық болғанын мәлімдеді
Сурет авторы: Gov.kz
Қазақстан үкіметі Қашаған мұнай кен орнын игеруге байланысты жалпы құны $10,7 млрд болатын келісімшарттарды жасасу кезінде жемқорлық болғанын мәлімдеген. Бұл туралы бірнеше аты-жөні аталмаған дереккөзге сүйенген Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) жазды.
ICIJ мәліметінше, Қазақстан North Caspian Operating Consortium (NCOC) 2000 жылдары Қашағанды игеруге халықаралық құрылыс компанияларын тарту кезінде шамамен 12 келісімшарт жасасып, оларда пара беру, мүдделер қақтығысы және шығындарды қолдан өсіру белгілері болған деп есептейді.
Бұл талаптар Қазақстан мен NCOC арасындағы $160 млрд көлеміндегі халықаралық төрелік даудың бір бөлігі. Қазақстан үкіметі консорциумды Қашағанды игеру кезінде елдің ала алмаған табысына байланысты айыптап отыр. 2023 жылы басталған іс Гаагадағы Тұрақты төрелік сотында жабық қаралып жатыр және кемінде 2028 жылға дейін созылуы мүмкін.
Қазақстан тарапы даулы келісімшарттар Қашағандағы мұнай өндірудің айтарлықтай кешігуіне әкелгенін алға тартады. Үкіметтің пайымдауынша, соның салдарынан өнімді бөлу туралы келісімнің Қазақстан үшін тиімді шарттары уақытында күшіне енбей, мемлекет едәуір кірістен қағылған.
Қашаған – Каспий теңізіндегі әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі. Оны игеретін NCOC құрамына Shell, ExxonMobil, CNPC, Inpex, Eni, TotalEnergies және қазақстандық «ҚазМұнайГаз» кіреді.
Кен орнын игеру құпия өнімді бөлу туралы келісіммен реттеледі. Оның шарттары консорциум мүшелеріне табысты толық бөлу басталғанға дейін мұнай сатудан түскен қаражат есебінен құрылысқа жұмсаған шығындарын өтеуге мүмкіндік береді.
ICIJ былтыр Қазақстан тарапы төрелік талқылауда Қашаған мұнайынан түсетін кірістің небәрі 2 пайызы мемлекетке, қалған 98 пайызы NCOC қатысушыларына тиесілі екенін мәлімдегенін жазған.
NCOC Қазақстанның заң бұзушылық туралы айыптарын жоққа шығарып келеді. Консорциум ICIJ-ге қатысушылардың тиісті келісімшарттар, Қазақстан заңдары және қолданыстағы талаптар мен озық тәжірибелер аясында әрекет еткеніне сенімді екенін мәлімдеді.
Қазақстанның Энергетика министрлігі мен жер қойнауын пайдалану құқықтарын басқаруға уәкілетті PSA компаниясы ICIJ сауалына жауап бермеген.
Соңғы жаңалықтар
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
4 сағат бұрын
-
Алматы 2027 жылдан бастап «Сергектен» бас тартуы мүмкін
6 сағат бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
7 сағат бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
7 сағат бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
8 сағат бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
9 сағат бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
9 сағат бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
10 сағат бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
11 сағат бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
11 сағат бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
12 сағат бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
12 сағат бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
13 сағат бұрын
-
Трамп Зеленскийден Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасауды тоқтатуды талап етті
13 сағат бұрын
-
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
13 сағат бұрын
-
Тоқаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяға барды
14 сағат бұрын
-
ALGA! фестивалі Балқашта 500-ден астам оқушыны біріктірді
1 күн бұрын
-
Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге келісім берді
1 күн бұрын
-
Трамп Тоқаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
1 күн бұрын
-
Елена Рыбакина US Open чемпионы атанды
1 күн бұрын
-
Алматыда тағы бір сауда орталығында кітап беру пункті ашылды
2 күн бұрын
-
Санжар Боқаевтың ісі сотқа түсті
3 күн бұрын
-
Дәрігерлер Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен азаматтың жағдайын айтты
3 күн бұрын
-
Күршімде қыс алды даярлық басталып, жылу инфрақұрылымы жаңғыртылуда
3 күн бұрын
-
Әлемді өзгерткен 11 қыркүйек: АҚШ-тағы терактіге 25 жыл
3 күн бұрын
-
Иран, OPEC+ және Қашаған: Қазақстан мұнайына үш жақтан қысым күшейді
3 күн бұрын
-
Binance Қазақстанда банк ашпақ
3 күн бұрын
-
Жасанды интеллектің адамзатты жойып жіберу қаупі 10 пайыздан асты – сарапшылар
3 күн бұрын
-
Қазақстан неліктен «Евровидение-2027» ән байқауына қатыса алмайды?
3 күн бұрын
-
Неліктен бірыңғай QR-мен төлеу әлі де барлық жерде бірдей іске аспай жатыр?
3 күн бұрын
-
Тоқаев Көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
3 күн бұрын
-
Тоқаев қазанда Қазақстан халқына Жолдау жасайды
3 күн бұрын
-
Уайымсыз үй аламын деп, сан соғып қалмаңыз: Қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасалды
3 күн бұрын
-
Еліміздің басым бөлігінде демалыс күндері жаңбыр жауып, күн суытады
3 күн бұрын
-
АҚШ билігі шетелдік жұмысшыларға арналған визалық талаптарды қатаңдатпақ
3 күн бұрын
-
Air Astana АҚШ-қа тікелей ұшуға мүмкіндік беретін алғашқы ұшағын желтоқсанда алады
3 күн бұрын
-
Қазақстандық студенттер АҚШ-та далада қалды
3 күн бұрын
-
Жаңаөзенде ауруханаға бөлінген 223 млн теңге жымқырылған
3 күн бұрын
-
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы орынбасарының өкілеттігін айқындады
3 күн бұрын
-
Рыбакина – Соболенко: US Open финалы несімен ерекше?
3 күн бұрын
-
Тоқаев Үндістан мен Оңтүстік Кореяға сапармен барады
3 күн бұрын
-
Қыкүйек пе, қыргүек пе: ғалымдар қазақ тіліндегі сөздердің жазылуын қайта қарайды
3 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстанның екі елдегі елшісін ауыстырды
3 күн бұрын
-
Астанада жылдың ең үлгілі жас отбасы анықталды
3 күн бұрын
-
Елена Рыбакина US Open финалына шықты
3 күн бұрын
-
Таза Қазақстан: ШҚО жастары өңірді көркейтуге бағытталған ауқымды бастаманы қолдады
4 күн бұрын
-
Шымкентте зейнеткерді ұрып өлтірді (ВИДЕО)
4 күн бұрын
-
Тегін дәрі-дәрмектерді сатқан ұйымдарға миллиондаған айыппұл салынды
4 күн бұрын
-
Депутаттық сауалға жауап бере алмаған шенеуніктер Құрылтайға шақырылуы мүмкін
4 күн бұрын
-
Мектептерде амандасудың жаңа форматы енгізілуі мүмкін
4 күн бұрын