$ 493.85 € 571.78 ₽ 6.25

Қазақстан Израильден өз азаматтарын эвакуациялауға көмектесуді сұрады

Абдрахманов Мағжан
10 наурыз 2026, 10:00
Қазақстан Израильден өз азаматтарын эвакуациялауға көмектесуді сұрады Сурет авторы: Sputnik / Санат Имангалиев

Қазақстан Израиль аумағында жүрген өз азаматтарын эвакуациялауға көмек көрсету жөнінде өтініш білдірді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі Ермек Көшербаевтың Израильдің сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесуінің қорытындысы бойынша хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, тараптар әңгіме барысында Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.

– Ермек Көшербаев израильдік әріптесіне Израиль аумағында жүрген Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға жәрдемдесу туралы өтініш білдірді. Ол бұл міндет еліміз үшін бірінші кезектегі мәселе екенін атап өтті, – делінген ведомство хабарламасында.

Өз кезегінде Израиль сыртқы істер министрі Гидеон Саар қазақстандық азаматтарды эвакуациялау мәселесін шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын және бұл мәселені жеке бақылауына алатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар