$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

"Қазақстан халқына" қорының басшысы ауысты

Редакция
31 қаңтар 2025 04:18 2777
"Қазақстан халқына" қорының басшысы ауысты Сурет авторы: Instagram/ qazaqstanhalqyna

Болат Жәмішев "Қазақстан халқына" қорының басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі. Ол бұл лауазымды үш жыл бойы атқарды.

"Өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты Болат Жәмішев қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада.

1 ақпаннан бастап қорды Ләззат Шыңғысбаева басқарады. Ол – қоғамдық қызметкер, қайырымдылық, әлеуметтік жобаларды басқару және Қазақстандағы ҮЕҰ институционалды дамуы саласындағы сарапшы. Бұған дейін Шыңғысбаева қор басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Сонымен қатар Қамқоршылық кеңес жаңа тағайындауларды бекітті:

  • София Айсағалиева – басқарма төрағасының орынбасары болды;
  • Серікбек Елшібеков – қордың басқарма мүшесі болып сайланды.

"Қор қызметі әдеттегідей жалғасады. Басшылықтың ауысуы – жаңа кезеңнің бастауы, ол қайырымдылық қызметін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті ұйым өкілдері.

Соңғы жаңалықтар