$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан футбол федерациясы Черчесовтің қызметтен кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Редакция
24 желтоқсан 2024 09:55 1662
Қазақстан футбол федерациясы Черчесовтің қызметтен кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды Сурет авторы: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметтен кететіні туралы ақпаратты ресми түрде теріске шығарды.

"Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырамыз", – делінген ҚФФ хабарламасында.

Бұл ақпарат бұған дейін анонимді Telegram-арналарда тараған болатын.

Ресейлік маман маусым айында Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар