$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қазақстан экономикасы 2025 жылдың 11 айында 6,4%-ға өсті

Абдрахманов Мағжан
17 желтоқсан 2025, 10:40
Қазақстан экономикасы 2025 жылдың 11 айында 6,4%-ға өсті Сурет авторы: gov.kz

Қазақстан экономикасы 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында 6,4%-дық өсімге қол жеткізді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды.

Негізгі өсім өнеркәсіп (7,4%) және ауыл шаруашылығы (6,1%) салаларында байқалған. Сонымен қатар көлік саласы (+20,3%), құрылыс (+14,7%) және сауда (+8,8%) бағыттарында да айтарлықтай өсім тіркелді.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, ел экономикасы сыртқы жағдайларға бейімделіп, тұрақты даму бағытына шыққан.

«Біз негізгі салалардағы өсімнің жеделдегенін байқап отырмыз. Бұл әлеуметтік міндеттемелерді орындауға және ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға берік негіз қалайды», – деді министр.

Соңғы жаңалықтар