$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына 2075 жылы енбек

Дулат Абдраманов
31 қазан 2025, 16:00
Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына 2075 жылы енбек Сурет авторы: qmonitor.kz

Америкалық инвестициялық алпауыт Goldman Sachs «The Path to 2075» атты ұзақ мерзімді зерттеуінде 100-ден астам елдің экономикалық даму қарқынын талдаған.
Есепке сәйкес, 2075 жылы әлемдік экономикада басымдық Азия елдеріне өтеді: Қытай мен Үндістан алғашқы екі орынды иеленіп, АҚШ үшінші орынға түседі.



Ал дамушы елдердің ішінде Индонезия, Нигерия, Пәкістан, Мысыр және Бангладеш қарқынды өсім көрсетеді.
Кейбір шетелдік басылымдар осы зерттеуге сүйене отырып, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2,1 триллион долларға жетіп, 30-орынға тұрақтауы мүмкін екенін жазған.

Мұндай болжам ел экономикасының ұзақмерзімді тұрақтылығы, технологиялық даму және институционалдық реформалар табысты жүзеге асқанда ғана орын алуы мүмкін екенін сарапшылар ескертеді.

Соңғы жаңалықтар