$ 440.86 € 500.77 ₽ 5.27

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы құрылыс нысанында қаза болды

Абдрахманов Мағжан
01 қазан 2026, 11:18
Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы құрылыс нысанында қаза болды Сурет авторы: Yvision

Оңтүстік Кореядағы құрылыс нысанында Қазақстан азаматы қаза тапты. Ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады.

Оңтүстік Корея ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға 29 қыркүйекте болған. Қазақстандық ғимараттың 23-қабатында жүрген кезде бетон төбенің бір бөлігі құлаған.

Оқиғадан кейін Оңтүстік Кореяның еңбек министрлігі құрылыс нысанындағы жұмысты тоқтатты. Қазір оқиғаның мән-жайын Кореяның құзырлы органдары анықтап жатыр.

Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланысқа шығып, қажетті көмек көрсетіп жатқанын хабарлады.

2025 жылдың күзінде жарияланған ресми мәлімет бойынша, Оңтүстік Кореяда шамамен 15 мың Қазақстан азаматы жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар