$ 526.5 € 611.64 ₽ 6.72

Қазақстан азаматтығын алу үшін талап етілетін қазақ тілі деңгейі төмендеуі мүмкін

Абдрахманов Мағжан
14 шілде 2025 11:52 25
Қазақстан азаматтығын алу үшін талап етілетін қазақ тілі деңгейі төмендеуі мүмкін Сурет авторы: kursiv.media

Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтық алу немесе қалпына келтіру кезінде талап етілетін мемлекеттік тілді (қазақ тілін) элементарлық деңгейде білуге қатысты нормаларды қайта қарауды ұсынып отыр.

Министрлік әзірлеген жаңа бұйрық жобасы бойынша, қазақ тілінен шекті балл 36-дан 15 баллға дейін төмендетілуі мүмкін. Ал Конституция негіздерінен талап етілетін балл 9-дан 20 баллға дейін өседі. Қазақстан тарихынан шекті балл 15 балл күйінде қалмақ.

Ведомство бұл өзгерістер азаматтыққа үміткерлерге тестілеу кезінде пәндер арасындағы сұрақтар санын теңестіруге және шекті деңгейлерді 10 пайызға төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Құжат 2025 жылғы 25 шілдеге дейін «Ашық НҚА» порталында көпшілік талқылауына ұсынылған.

Соңғы жаңалықтар