$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан әйелдер құрамасы садақ атудан әлемдік жарыстан тарихи жүлдемен оралды

Редакция
24 сәуір 2024 14:56 3356
Қазақстан әйелдер құрамасы садақ атудан әлемдік жарыстан тарихи жүлдемен оралды

Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайда өтіп жатқан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі хабарлады. 

«Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Шанхайда (Қытай) өткен әлем кубогында қола медаль жеңіп алды. Бағдарламаның бұл түріне еліміздің атынан Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Айжан Сейдахметова қатысты. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Эстониядан басым түсті. Кездесу 231-224 ұпайымен аяқталды», - делінген хабарламада.

Ширек финалда Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны 234:230 есебімен жеңіп, жартылай финалда итальяндықтардан бір ұпай айырмашылығымен ұтылып қалғаны атап өтілді.

Бұл жүлде Қазақстан әйелдер құрамасы үшін әлем чемпионатында жеңіп алған тарихтағы тұңғыш жүлде болды.

Соңғы жаңалықтар