$ 479.82 € 559.9 ₽ 6.15

Қазақстан аумағына түскен дрондарға қатысты тексеріс жүріп жатыр

Абдрахманов Мағжан
09 сәуір 2026, 09:50
Қазақстан аумағына түскен дрондарға қатысты тексеріс жүріп жатыр Сурет авторы: Уральская неделя

Қазақстанның батыс өңірлеріне құлаған дрондарға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, үкіметаралық комиссия дрондардың қай елге тиесілі екенін және қай бағыттан келгенін анықтайды. Сонымен қатар Қазақстанда әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен радиоэлектрондық құралдар жеткілікті екені атап өтілді.

Вице-министрдің сөзінше, қазіргі уақытта дрондарға қарсы қорғаныс құралдары да сатып алынып жатыр. Ол елдің әуе қорғанысы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Министрлік мәліметінше, Қазақстан аумағына екі дрон құлаған. Алайда бұған дейін батыс өңірлерде төрт дрон табылғаны хабарланған.

Атап айтқанда, 2025 жылғы 18 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы маңынан дрон табылған. Кейін 19 наурызда Тасқала ауданында, 26 наурызда Жәнібек ауданында, сондай-ақ 18 маусымда Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы «Болашақ» темір жол станциясы маңында ұқсас құрылғылар анықталған.

Соңғы жаңалықтар