$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Қазақстан Ауғанстанды Орталық Азиямен байланыстыруды көздеп отыр

Редакция
21 шілде 2025 11:46 350
Қазақстан Ауғанстанды Орталық Азиямен байланыстыруды көздеп отыр Сурет авторы: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Қазақстан Ауғанстанды Орталық Азия елдерімен тығыз байланыстыру үшін жаңа жоспар ұсынды. ҚР сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жетекшілік еткен Қазақстан делегациясы Кабулға сапарлап, өңірлік тұрақтылық пен сауда-экономикалық интеграция желісі бойынша нақты келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды turkmenportal.com

Аталмыш келісімнің басты мақсаты- Ауғанстанды аймақтың ортақ экономикасына қосып, бейбіт өмір сүруіне көмектесу. Сарапшылардың айтуынша, бұл жоба Ауғанстанның оқшау ел болып қалмауына сеп болады.  Бұл бастама сауда-саттық, жол қатынасы, инфрақұрылым және қауіпсіздік салаларында бірлесіп жұмыс істеуге бағытталған.

Қазақстан бұл арқылы өңірлік тұрақтылықты күшейтіп, Ауғанстанмен ұзақ мерзімді серіктестік орнатуды көздейді.

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар