$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Қазақстан әуе компаниялары үшін Еуропаға ұшуға қойылған шектеулер алынып тасталды

Редакция
31 мамыр 2024 03:24 1831
Қазақстан әуе компаниялары үшін Еуропаға ұшуға қойылған шектеулер алынып тасталды Сурет авторы: ИСКАНДЕР САЛИХОДЖАЕВ

Қазақстандық әуе тасымалдаушылардан Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеулер алынып тасталды, деп хабарлады Көлік министрлігі.

Бұл шешім 15 мамырда өткен Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетінің отырысының қорытындысы бойынша қабылданды.

"Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен Комитет отырысы барысында қазақстандық делегация бұрына нықталған ескертулерді жою бойынша қолданылған шараларды ұсындыоларды Еуропалық комиссия оң бағалады", – делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2022 жылы отандық әуе компанияларының Еуропалық комиссияның қара тізіміне ену қаупі жоғары болды.

Жалпы, ЕО сарапшылары ұшуды пайдалану саласындағы сертификаттау, бақылау және қадағалау жүйесінің тиімді жұмыс істеуі, ұшу жарамдылығын қолдау, авиация қызмметкерлерін оқыту және лицензиялау бойынша елеулі жақсартуларды атап өтті.

Соңғы жаңалықтар