Қазақстан атом технологияларын қауіпсіз пайдалану қағидаттарын берік ұстанады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан делегациясы Парижде Ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммитке қатысты. 50-ден астам елдің Мемлекет, Үкімет, мемлекеттік орган басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, қаржы институттарының, өнеркәсіптің және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері азаматтық ядролық энергетиканың негізгі энергетикалық және климаттық сын-қатерлер жағдайындағы рөлін талқылады. Іс-шараға Қазақстаннан Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев те қатысты.
Мәжіліс спикерін қарсы алған Франция Президенті Эммануэль Макрон біздің Мемлекет басшысына жылы лебізін жеткізіп, Саммитке Қазақстан делегациясын жібергені үшін алғысын білдірді.

Форумды ашқан француз көшбасшысы ядролық энергетиканы қазіргі әлемдегі прогресстің, өркендеу мен егемендіктің факторы деп атады. Оның ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және инновациялық технологияларды енгізуге жол ашатынын айтты. Эммануэль Макрон Қазақстанға және уранның сенімді жеткізушілері саналатын бірнеше елге қолдау білдіріп, Саммит қатысушыларын бейбіт атом саласында мемлекетаралық ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Мариано Гросси қазіргі уақытта цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы әлемдік қоғамдастықтың алдында көптеген мәселе туындатып отырғанын, оларға атом энергиясы жауап бере алатынын атап көрсетті.
Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуропаның азаматтық ядролық энергетикадан бас тартуын ең үлкен стратегиялық қателік деді. Осыны түсіне отырып, Еуропалық Одақ инновациялық ядролық технологияларға салынатын инвестицияларды қолдау үшін 200 миллион еуро көлемінде кепілдік қорын құру туралы шешім қабылдады.
Мәжіліс спикері өз сөзінде Франция басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Ол қауіпсіз әрі орнықты атом энергетикасын дамыту жолында халықаралық деңгейде күш-жігер жұмылдыру үшін іс-шараның маңызды екенін атап өтті, сондай-ақ бейбіт атомды дамыту бойынша елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Қазақстан энергетикалық дамудың жаңа белесіне – атом энергетикасы дәуіріне қадам басуда. Біз атом энергетикасын стратегиялық тұрғыда сенімді әрі қолжетімді энергия көзі ретінде қарастырамыз. 2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АЭС салу мәселесін жалпыхалықтық референдумға шығарды. Референдум нәтижелері бүгінгі таңда бізге заманауи, орнықты әрі әртараптандырылған энергетикалық жүйені дамытуға жол ашып отыр. Атом электр стансасын салу жобасын іске асыру халықаралық консорциум құруды көздейді. Қазіргі уақытта табиғи, геологиялық, сейсмикалық, гидрологиялық және техногендік факторларға баға беріле отырып, кешенді инженерлік зерттеулер жүргізілуде, – деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс спикері геосаяси тұрақсыздық пен хаос өршіген тұста бейбіт атомның қауіпсіздігі басты орынға шығатынын атап өтті. Осыған байланысты, Қазақстан әрдайым барлық келіспеушіліктерді келіссөз арқылы шешуді қолдайды.
Сонымен қатар Палата спикері Қазақстан отыз жылдан астам уақыт бойы жаһандық ядролық қауіпсіздік архитектурасын дамытуға жүйелі түрде өзіндік үлесін қосып келе жатқанын айтты. Қазақстан Семей сынақ полигонын жауып, ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартты. Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады.
Жиында Мәжіліс төрағасы өнеркәсіпті, ғылым мен білімді біріктіретін ұлттық ядролық кластерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс туралы айтып берді. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен ынтымақтастық аясында Қазақстан радио-фармацевтикалық препараттар өндіріс аясын кеңейтіп, заманауи диагностика мен емдеудің қолжетімділігін арттырып келеді. Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы халықаралық зерттеу алаңына айналды. Мұнда реакторлық технологиялар, радиациялық қауіпсіздік және басқарылатын термоядролық синтез салаларындағы халықаралық жобалар іске асырылып жатыр. Сонымен қатар біздің ядролық орталық Халықаралық эксперименттік-термоядролық реактор (ИТЭР) бағдарламасына да белсене қатысуда.
Ерлан Қошанов Саммитке қатысушыларға алдағы уақытта да Қазақстан атом саласындағы саясатын Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің стандарттарына сай құрып, ашықтықты, сенімділік пен серіктестікті нығайта түсетінін айтты. Ол Париж саммитінің Бірлескен декларациясын қабылдау бастамасын құптады, оны бейбіт атомды жаңғырту және дамыту бойынша жаһандық және ұлттық стратегияның маңызды бөлігі деп атады.
Ядролық энергетика бойынша бірінші саммит 2024 жылы Брюссельде өтті. Бұл алаң ядролық бағдарламасы бар мемлекеттер мен осы жолға енді ғана қадам басу жайын қарастырып отырған елдердің өзара пікір алмасуына ықпал етуге арналған. Бүгінде ядролық энергетика әлемдік электр энергиясы өндірісінің шамамен 10 пайызын қамтиды. Көптеген елде ол ұлттық экономикалардың үнемі артып келе жатқан сұранысын ескере отырып, басқарылатын әрі төмен көміртекті электр энергиясын өндірудің маңызды мүмкіндігі ретінде қарастырылады.
Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген – Ж.Жұмабеков.
Соңғы жаңалықтар
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
12 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
15 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
16 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
16 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
17 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
17 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
17 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
18 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
18 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
19 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
21 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
21 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
22 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
23 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
23 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
23 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын