$ 502.6 € 589.95 ₽ 6.5

Қазақстан армиясында жауынгерлік дайындық нормативтері өзгереді

Редакция
02 наурыз 2026, 10:24
Қазақстан армиясында жауынгерлік дайындық нормативтері өзгереді Сурет авторы: Abai.kz

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындық тәсілдерін жаңартып, оқытудың практикалық құрамдас бөлігін күшейтеді және бөлімшелердің дайындығын бағалаудың біріңғай критерийлерін енгізеді. Бұл туралы Қарулы Күштер қолбасшылығының қызметтік кеңесінің қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов тиісті тапсырмалар берді.

Ұлттық қорғаныс университетінде өткен жиын армияның жауынгерлік дайындық жүйесін жетілдіруге арналды. Ведомство басшысы барлық деңгейдегі командирлердің жеке құрамды даярлау сапасы үшін дербес жауапкершілігін арттыру және оқу процесін практикалық тапсырмаларды орындауға бағыттау қажеттігін атап өтті.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтың жетекшілігімен өткен кеңесте Десанттық-шабуылдау әскерлерін кенеттен тексеру қорытындылары мен бөлімшелерді жоғары жауынгерлік дайындық деңгейіне келтіру мәселелері қаралды. Сондай-ақ жиын барысында келесі маңызды өзгерістер талқыланды:

  • Біріңғай ату курсын енгізу және жауынгерлік дайындық нормативтерін жаңарту;
  • Көпдеңгейлі оқу орталықтары жүйесін құру және барлау бөлімшелерінің құрылымын жетілдіру;
  • Әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық күйін бақылайтын «Пирамида», «Напарник» және

Кеңес қорытындысы бойынша министр запастағы офицерлерді даярлауды жаңғыртуды, резервтегі, барлаудағы, тыл мен медициналық қызметтегі бөлімшелердің оқу бағдарламаларын жаңартуды тапсырды. Бұған қоса, бөлімшелердің жауынгерлік дайындық деңгейін объективті бағалау үшін біріңғай рейтингтік жүйе енгізілмек.

Соңғы жаңалықтар