$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына шықты

Редакция
01 қаңтар 2025 05:15 4711
Қазақстан алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына шықты Сурет авторы: Sports.kz

Қазақстан құрамасы алғаш рет аралас командалық United Cup турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда Германиямен өткен кездесуде алғашқы ұпайды Елена Рыбакина алып келді. Ол Лаура Зигемундті 6:3, 6:1 есебімен жеңді.

Кейін Александр Шевченко Даниэль Мазурды 6:7 (5:7), 6:2, 6:2 есебімен ұтып, Қазақстанды жартылай финалға шығарды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы былтырғы чемпиондар – Германияны 2:0 есебімен жеңді. Жартылай финалдағы қарсылас 4 қаңтар күні өтетін матчқа дейін анықталады.

Соңғы жаңалықтар