$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қазақстан ақылы демалыс күндері бойынша әлемдегі үздік 15 елдің қатарына енді

Редакция
16 қаңтар 2026, 16:18
Қазақстан ақылы демалыс күндері бойынша әлемдегі үздік 15 елдің қатарына енді Сурет авторы: Nur.kz

Қазақстан ақылы демалыс күндерінің саны бойынша әлемдегі ең үздік 15 елдің қатарына енді. World Population Review тәуелсіз ұйымы жасаған рейтингте еліміз 186 мемлекеттің ішінде 15-орынға тұрақтап, ТМД-ның көптеген елдерін артқа тастады.

Зерттеу барысында мамандар үш негізгі көрсеткішке, атап айтқанда, заңмен бекітілген ең төменгі демалыс мерзіміне, орташа берілетін ақылы демалыс мөлшеріне және елдегі мерекелік демалыс күндерінің санына сүйенген. Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес, азаматтар үшін ең төменгі ақылы еңбек демалысы 24 күн болып бекітілген, бұл көрсеткіш еліміздің халықаралық рейтингтегі жоғары позициясын қамтамасыз етті.

Соңғы жаңалықтар