$ 480.72 € 548.07 ₽ 6.14

Қазақстан ақшаны жайдан-жай тарататын әлеуметтік мемлекет бола алмайды – Тоқаев

Абдрахманов Мағжан
30 маусым 2026, 14:43
Қазақстан ақшаны жайдан-жай тарататын әлеуметтік мемлекет бола алмайды – Тоқаев Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысында Қазақстанның басты міндеттерінің бірі – ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізу екенін айтты. Оның сөзінше, елдің экономикалық дамуы үшін инфрақұрылымдық жобаларды қарқынды іске асыру қажет.

Мемлекет басшысы теміржолдар, автомобиль жолдары, әуежайлар, теміржол вокзалдары, су шаруашылығы нысандары, өндірістік кәсіпорындар мен басқа да стратегиялық инфрақұрылымдарды салу басым бағыт болуы тиіс екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, қаржы – уақытша ресурс, оның құны жыл сайын төмендейді. Сондықтан бюджет қаражатын нақты нәтиже беретін жобаларға жұмсап, келер ұрпаққа сапалы инфрақұрылым қалдыру маңызды.

«Әлеуметтік мемлекет боламыз деп, қаражатты талан-таражға салуға болмайды. Осындай қысқа, шолақ ойлы саясатты біздің ұрпақтарымыз түсінбейді де, кешірмейді де», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сөз соңында Қазақстанды «үлкен құрылыс алаңына айналдыруымыз керек» екенін айтып, бұл елдің ұзақ мерзімді дамуының негізгі бағыты болуы тиіс екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар