$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қазақстан АЭС бойынша Қытаймен келіссөздер жүргізді

Редакция
13 желтоқсан 2024 04:00 3417
Қазақстан АЭС бойынша Қытаймен келіссөздер жүргізді Сурет авторы: Энергетика министрлігі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің басшылығымен Қазақстан делегациясы Қытайда келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Бейжіңде министр Қытайдың мемлекеттік энергетика басқармасының басшысы Ван мырзамен және Қытайдың атом энергетикасы агенттігі төрағасының орынбасары Лю мырзамен кездесті.

"Тараптар атом энергетикасы, мұнай-газ, электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ынтымақтастықты талқылады. Қытай тарапы Қазақстанға атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді", – делінген хабарламада.

Сапар барысында Қазақстан делегациясы Қытай ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) бас директоры Шэн мырзамен келіссөздер жүргізді. Бұл корпорация ядролық технологиялар бойынша Қазақстанның ықтимал жеткізушілерінің тізімінде бар.

Сонымен қатар қазақстандық делегация HPR-1000 реакторы орнатылған "Чжанчжоу" атом электр станциясының құрылыс алаңын, Shanghai Electric атом энергетика корпорациясының өндірістік базаларын және Қытайдың орталық аймағындағы уранды байыту және конверсиялау зауытын аралады.

Соңғы жаңалықтар