$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан 5 жылда 1 миллион IT-маман даярлап шығармақ

Редакция
31 қаңтар 2025 09:49 2651
Қазақстан 5 жылда 1 миллион IT-маман даярлап шығармақ Сурет авторы: primeminister.kz

Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Digital Almaty 2025: "Industrial AI: жаңа дәуір технологиялары" халықаралық цифрлық форумында мәлімдеді.

Үкімет басшысы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ендігі жерде тек технологиялық инфрақұрылымды дамыту жеткіліксіз екенін атап өтті. Әсіресе, есептеу қуатының экспортына қойылған шектеулер мен олардың қымбаттауы жағдайында жаңа шешімдер қажет.

"Біз Қазақстанда Жасанды интеллект комитетін құрып, тиісті тұжырымдаманы бекіттік. Бұл ұлттық жасанды интеллект стратегиясын әзірлеудің негізгі бастауы болды. Сонымен қатар жасанды интеллект туралы заң жобасы дайындалды, ол инновацияларды дамыту үшін құқықтық негіз қалыптастыруды көздейді", – деді Бектенов.

Үкімет алдағы бес жылда IT-мамандардың санын арттырып, елдің цифрлық трансформациясын жеделдетуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар