$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

"Қазақмыс" шахтасында екі адам қаза тапты

Редакция
07 қазан 2024 02:31 1833
"Қазақмыс" шахтасында екі адам қаза тапты Сурет авторы: ашық дереккөзден

Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында көміртегі газы бөлініп, екі жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы "Қазақмыс" тобының баспасөз қызметі хабарлады.

"Барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланған. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке қарай, екі жұмысшы қайтыс болды", – делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Саяқ-3» шахтасында болған төтенше жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлігі бойынша тау-кен жұмыстарын, құрылыс жұмыстарын немесе өзге де жұмыстарды жүргізу кезінде абайсызда адам өліміне немесе басқа да ауыр зардаптарға әкеп соққан қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

 

 

Соңғы жаңалықтар