$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Қазақ жастар бокстан бес алтын алып тұғырды бермеді

Редакция
31 қазан 2025 15:56 396
Бахрейннің Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия Ойындары өз мәресіне жетті. Бұл турнир – жас боксшылар үшін ең маңызды сындардың бірі саналады. Финалдық кездесулерде қазақстандық спортшылар айқын басымдық танытып, 5 алтын медаль иеленді.
Қазақ жастар бокстан бес алтын алып тұғырды бермеді Сурет авторы: Арлан Олжабай

Чемпион атанғандар:

Ұлдар арасында:

50 кг: Жұмағали Нұрмахан
54 кг: Досжан Жұмақан
66 кг: Даниял Шалқарбай

Қыздар арасында:

66 кг: Аяулым Оспанова
75 кг: Камила Оспанова

Жалпы есепте Қазақстан мен Өзбекстан медаль саны бойынша тең түсті. Дегенмен, ширек финалға шыққан спортшылар санының көптігі арқасында Қазақстан құрамасы қосымша көрсеткіштер бойынша бірінші орынды иеленді, делінген Бірінші бол әлеуметтік желісінде

Соңғы жаңалықтар