$ 518.39 € 603.09 ₽ 6.68

Қазақ тілін білсең, такси тегін: Теміртауда ерекше сервис іске қосылды

Редакция
11 желтоқсан 2025, 16:58
Қазақ тілін білсең, такси тегін: Теміртауда ерекше сервис іске қосылды Сурет авторы: акимат Карагандинской области

Теміртауда ақша емес, қазақ тілін білу арқылы жолақысын төлеуге болатын ерекше такси қызметі пайда болды. 3 желтоқсанда іске қосылған «ТАКСИДЕГІ QUIZ» жобасы мемлекеттік тілді насихаттауға және қазақша еркін сөйлегісі келетін тұрғындарды қолдауға бағытталған, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігі.
Жобаның бастамашысы – Ресурстық тіл орталығы. Жолаушыларға қазақ тілінде қойылған сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Егер жауаптары дұрыс болса, жол жүру толықтай тегін болады. Бұдан бөлек, қатысушыларға шағын сыйлықтар беріледі.
Такси күнделікті 17:00–19:00 аралығында жүреді. Бұл уақытта қалада көлік табу қиын болатыны белгілі.

Жоба авторлары ойын форматы қазақша сөйлеудегі қысылуды азайтып, тұрғындарды тілді жиі қолдануға ынталандырады деп сенеді.

«ТАКСИДЕГІ QUIZ» қызметін шақыру үшін WhatsApp нөміріне жазу керек: 8-747-938-48-27.

Соңғы жаңалықтар