$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қазақ әндері Instagram-ға қайта оралды

Редакция
11 сәуір 2025 02:05 3817
Қазақ әндері Instagram-ға қайта оралды Сурет авторы: DALL-E жасанды интеллекті жасаған

Қазақстандық бірқатар орындаушының музыкалық шығармалары Instagram әлеуметтік желісінде қайта қолжетімді болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» агенттігі Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, Meta корпорациясы (Instagram желісінің иесі) авторлық құқықтарды басқаратын ұйымдармен де, тікелей авторлармен және орындаушылармен де келісімшарт жасауға құқылы. Ведомство Instagram желісінде қайта қолжетімді болған әндер авторлар мен орындаушылардың Meta-мен тікелей келісімі нәтижесінде пайда болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Біз бұл музыкалық контенттің құқық иелері Meta компаниясымен тікелей шарт жасаған тұлғалар деп есептейміз. Instagram желісіндегі музыкалық контентке қолжетімділік платформа ішіндегі саясатқа және құқық иелерімен жасалған келісімдерге сәйкес кезең-кезеңімен жаңартылып отырады», – деді министрлік.

Еске салсақ, өткен жылдың күзінде Instagram желісінен "Қазақстан авторлық қоғамымен" келісімшартқа отырған әртістердің туындылары жаппай алынып тасталған болатын.

Ал 2024 жылдың ақпанында Әділет министрлігі мұндай жағдайлардың алдын алу үшін цифрлық шешімдер енгізетінін мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар