$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

«Қайрат» үшін шешуші мүмкіндік: Алматыда «КуПС»-ке қарсы айқас

Редакция
29 шілде 2025 09:52 192
«Қайрат» үшін шешуші мүмкіндік: Алматыда «КуПС»-ке қарсы айқас Сурет авторы: Vesti.kz

Бүгін Алматыдағы Орталық стадионда қазақстандық "Қайрат" пен финдік "КуПС" арасындағы UEFA Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінің қайтарым матчы өтеді.

Алғашқы кездесуде Финляндияда 0:2 есебімен ұтылған алматылық команда бүгін өз алаңында кемінде екі гол айырмасымен жеңуі керек. Тек сонда ғана Қайрат ойынды пенальти сериясына жеткізуге немесе турнирдің келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік алады.

Бапкерлік штаб бүгінгі ойынға ерекше дайындық жасаған. Қорғаныста қателіктерді азайтып, алғашқы минуттардан-ақ қарқынды шабуылға шығу жоспарланған. Алматылық жанкүйерлер де стадионға көптеп жиналып, командаға барынша қолдау көрсетеді деп күтілуде.

КуПС болса, өз кезегінде қорғанысқа басымдық беріп, алғашқы матчтағы артықшылығын сақтап қалуды көздейді.

Матч бүгін сағат 20:00-де басталады. Бұл кездесу- Қайраттың Еуропа аренасындағы тағдырын шешетін сәт болмақ.

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар