$ 471.45 € 547.21 ₽ 6.63

Қайрат Сатыбалды барған әскери колледждің басшылығы жұмыстан қуылды

Абдрахманов Мағжан
21 мамыр 2026, 17:54
Қайрат Сатыбалды барған әскери колледждің басшылығы жұмыстан қуылды Сурет авторы: Sputnik / Болат Шайхинов

Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери колледж басшылығы жұмыстан босатылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, сотталған кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының курсанттармен кездесуін министрлік ұйымдастырмаған.

«Министрліктің бұл шараға қатысы жоқ. Колледждің 40 жылдығына арналған іс-шараны түлектер өздері ұйымдастырған. Ол оқу орнының түлегі ретінде келген», – деді Ахмедиев.

Вице-министр Сатыбалды курсанттарға дәріс оқымағанын да атап өтті.

Оқиғаға байланысты колледж басшылығына қатысты шаралар қабылданған.

«Жаза қолданылды. Қателеспесем, жұмыстан босатылды», – деді ол.

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім аясында мемлекетке заңсыз алынған активтерді қайтарған. 2024 жылдың тамызында оған қатысты үкім өзгертіліп, бас бостандығынан айыру жазасы бостандығын шектеумен алмастырылған.

Соңғы жаңалықтар