$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері қашан және қаншадан сатылатыны белгілі болды

Абдрахманов Мағжан
15 қыркүйек 2025 14:35 740
«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері қашан және қаншадан сатылатыны белгілі болды Сурет авторы: әлеуметтік желіден

«Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі өз алаңындағы ойынға билеттер сатылымының басталу күнін жариялады.

📅 Сатылым басталуы: 23 қыркүйек 2025 жыл, сағат 17:00
🔗 Билеттерді тек ресми сайттардан сатып алуға болады: fckairat.com, Qairat SuperApp, ticketon.kz

📌 Ережелер:

  • Бір адамға 2 билеттен артық берілмейді.

  • ЖСН/паспорт деректері көрсетілуі тиіс, олар стадионға кірген кезде мұқият тексеріледі.

💵 Бағасы: 30 000 – 250 000 теңге.
Бұл тарифтер УЕФА-мен келісілген және барлық өз алаңындағы матчтарға бірдей.

🎟 Абонемент иелері өз орындарын алдын ала тиімді бағада сатып ала алады. Әрқайсысына жеке хабар беріледі.

⚽ Билеттердің бір бөлігі дәстүрлі түрде әлеуметтік және клубтық квоталар бойынша бөлінеді:

  • «Қайрат» академиясы мен филиалдарының жаттықтырушылары мен тәрбиеленушілеріне,

  • Паралимпиадалық спортшыларға,

  • «Қайрат» клубы қызметкерлеріне.

⚠️ Клуб жалған хабарламаларға сенбеуге шақырады. Алдын ала сатылым немесе билет брондау туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Билеттерді тек ресми арналар арқылы сатып алу қажет.

Соңғы жаңалықтар