$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

«Қайрат» – «Реал»: Алматыда қай жолдар жабылады?

Абдрахманов Мағжан
30 қыркүйек 2025 10:36 253
«Қайрат» – «Реал»: Алматыда қай жолдар жабылады? Сурет авторы: Алматы әкімдігі

Алматыда 30 қыркүйек күні Орталық стадионда өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы футбол ойынына байланысты қаладағы үш негізгі көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы мегаполис полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сағат 16:00-ден бастап қозғалыс мына учаскелерде тоқтатылады:

  • Абай даңғылы бойы – Байзақовтан Сейфуллинге дейін;

  • Сәтпаев даңғылы бойы – Байзақовтан Сейфуллинге дейін;

  • Байтұрсынұлы көшесі – Тимирязевтен Шевченкоға дейін.

Полиция қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді. Әсіресе жол қауіпсіздігіне баса назар аударылып отыр.

«Қала тұрғындарынан өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді департамент өкілдері.

Матч 21:45-те басталады. Көрермендер үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар