$ 518.39 € 603.09 ₽ 6.68

"Қайрат" - "Олимпиакос" матчынан фоторепортаж

Сапарғали Қанат
10 желтоқсан 2025, 11:54
Алматылық "Қайрат" UEFA Чемпиондар Лигасының 2025/26 маусымындағы топтық кезеңінің 6-тур аясында грекиялық "Олимпиакос" командасымен ойнап, 0-1 есебімен есе жіберді. "Астана арена" стадионында өткен матчты 19 мыңнан астам адам тамашалады.
"Қайрат" - "Олимпиакос" матчынан фоторепортаж Сурет авторы: qrnews.kz

Алаң қожайындары алғашқы минуттардан жинақы ойын көрсетіп, қарымта шабуыл ұйымдастыруға тырысып бақты. Алайда, асырылған пастар голға ұласпады. Керісінше "Олимпиакостың" шабуылдары үдей түсті. Десе де,ойынның алғашқы бөлігінде Темірлан Анарбеков қорғаған қақпа торына доп тоғыта алмады. Екінші таймдағы толассыз шабуылдардың бірін Желсон Мартинш[73] голға айналдыра алды. Осылайша, "Қайрат" 0-1 есебімен есе жіберіп, Чемпиондар Лигасы жарыс кестесінің 35-ші орынынан көтеріле алмады. 

Соңғы жаңалықтар