$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Қайрат Миланнан ұпай әкеле жаздады

Абдрахманов Мағжан
06 қараша 2025 07:34 316
Қайрат Миланнан ұпай әкеле жаздады Сурет авторы: MARCO LUZZANI/GETTY IMAGES

Милан қаласындағы әйгілі «Джузеппе Меацца» стадионында өткен УЕФА Чемпиондар лигасының 4-туры аясында «Қайрат» пен «Интер» командалары кездесті. Тартысты өткен ойында алматылық клуб 1:2 есебімен қарсыласқа жол берді.

Алғашқы таймның соңына қарай Лаутаро Мартинес мергендік танытып, есеп ашты. Дегенмен екінші таймда «Қайрат» шабуыл қарқынын күшейтіп, Офри Арад 55-минутта есепті теңестірді.

Алайда Карлос Аугустоның 67-минуттағы соққысы жеңісті қайтадан италиялықтардың пайдасына шешті.

Бұл матчқа дейін «Интер» Чемпиондар лигасында бірде-бір доп жібермеген еді. Бірақ дәл осы ойында алматылықтар қарсыластың қақпасын алғаш болып дәл көздеп, өз деңгейін айқын көрсетті.

Соңғы жаңалықтар