$ 465.74 € 537.23 ₽ 5.62

«Қайрат» «Левскиден» жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды

Абдрахманов Мағжан
12 тамыз 2026, 09:31
«Қайрат» «Левскиден» жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды Сурет авторы: "Қайрат" футбол клубы

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойында Болгарияның «Левски» клубынан жеңіліп, турнирдің негізгі кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.

«Түркістан Аренада» өткен кездесу 1:0 есебімен «Левскидің» пайдасына аяқталды. Қонақтардың жеңіс голын 13-минутта Рейналдо соқты. Алғашқы кездесуде де Болгария клубы басым түскен еді.

«Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Сутьесканы» жарыстан шығарды. Екінші кезеңде «Омониямен» кездесіп, пенальти сериясында 6:5 есебімен жеңіске жеткен.

Енді алматылық клуб Еуропа лигасында өнерін жалғастырады. Онда «Андерлехт» немесе ПАОК командаларының бірімен кездеседі. «Қайрат» биыл кемінде Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде ойнайтынына кепілдік алды.

Өткен маусымда «Қайрат» «Селтикті» жарыстан шығарып, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өткен. Осылайша, «Астанадан» кейін мұндай жетістікке жеткен екінші қазақстандық клуб атанған.

Соңғы жаңалықтар