$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

«Қайрат» қысқы ойындарын Астанада өткізеді

Абдрахманов Мағжан
18 қараша 2025 17:19 337
«Қайрат» қысқы ойындарын Астанада өткізеді Сурет авторы: "Қайрат" футбол клубы

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі қысқы матчтарын Астанада өткізетін болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Клубтың шешімі УЕФА-мен бірлесіп қабылданған. Матчтар Astana Arena жабық стадионында өтеді:

9 желтоқсанда — «Олимпиакосқа» қарсы ойын;

20 қаңтарда — «Брюггеге» қарсы кездесу.

«Қыста Алматыдағы Орталық стадионда матч өткізу тәжірибесі ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындық тудырады. Төмен температура, шатырдың болмауы және қар жауу қаупі көрермендер үшін де, алаңды күтіп ұстау үшін де қолайсыз жағдай жасайды. Сол себепті ойындарды жабық стадионда өткізу туралы шешім қабылданды», – делінген клуб хабарламасында.

Билеттердің бағасы 15 мыңнан 50 мың теңгеге дейін болады.

Сатылым 28 қараша күні Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында басталады. Бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды.

Клуб өкілдері «Қайраттың» маусымдық абонемент иелерімен алдын ала жеке байланысқа шығып, ойындарға кіру тәртібін түсіндіретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар