$ 536.32 € 626.9 ₽ 6.6

«Қайрат» футбол клубы мен Air Astana серіктестік орнатты

Абдрахманов Мағжан
16 қазан 2025 17:13 30
«Қайрат» футбол клубы мен Air Astana серіктестік орнатты

«Қайрат» футбол клубы мен Air Astana әуе компаниясы демеушілік серіктестік туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында Air Astana клубтың ресми әуе тасымалдаушысы болып бекітілді. Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Серіктестік шеңберінде халықаралық матчтар мен оқу-жаттығу жиындары кезінде команданың ұшу сапарларын ұйымдастыру, сондай-ақ ішкі рейстерде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қарастырылған. Қажет болған жағдайда клуб үшін чартерлік рейстер де іске қосылады.

«Қайрат» клубының хабарлауынша, бұл серіктестік отандық спорттың дамуына және қазақстандық футболдың өркендеуіне елеулі үлес қосады деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар