$ 544.26 € 634.72 ₽ 6.52

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізеді: матчты қайдан көруге болады?

Абдрахманов Мағжан
18 қыркүйек 2025 09:24 300
«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізеді: матчты қайдан көруге болады? Сурет авторы: ФК Қайрат

Қыркүйектің 18-інен 19-ына қараған түні Лиссабонда (Португалия) футболдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің алғашқы тур ойыны өтеді. Қазақстанның «Қайрат» клубы жергілікті «Спортингпен» кездеседі.

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 00:00-де «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.

Негізгі раундта алматылық команда мықты қарсыластарға тап болды. «Қайраттың» топтағы қарсыластары:

– Испанияның «Реалы»

– Англияның «Арсеналы»

– Италияның «Интері»

– Бельгияның «Брюггесі»

– Данияның «Копенгагені»

– Грекияның «Олимпиакосы»

– Кипрдің «Пафосы»

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері алғашқы өз алаңындағы ойынды 30 қыркүйекте өткізеді. Алматыда «Қайрат» испандық «Реалмен» күш сынасады. Сондай-ақ алматылықтар өз жанкүйерлерінің алдында «Пафос», «Олимпиакос» және «Брюггеге» қарсы ойнайды.

Соңғы жаңалықтар