$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

«Қайрат» бапкері «Реалдан» ірі есеппен жеңілгеннен кейін басты басымдықты атады

Абдрахманов Мағжан
01 қазан 2025 09:51 696
«Қайрат» бапкері «Реалдан» ірі есеппен жеңілгеннен кейін басты басымдықты атады Сурет авторы: "Қайрат" футбол клубы

Алматыда өткен Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі матчта мадридтік «Реалдан» 0:5 есебімен ұтылғаннан кейін «Қайратты» тығыз кесте күтіп тұр. Бұл – ел чемпионатының шешуші ойындары мен Еуропадағы кездесулер.

Клубтың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Kazinform-ға берген сұхбатында алдағы жоспарын бөлісті. Оның айтуынша, қазір команда үшін басты мақсат – Қазақстан чемпионы атағын қорғау. Осы арқылы келесі маусымда қайтадан Чемпиондар лигасына қатысу мүмкіндігін сақтап қалмақ.

"Қазір чемпионат ойындарына басымдық береміз. Ертең демалыс, одан кейін қалпына келу күні болады, үшінші күні «Жетісуға» қарсы матчқа дайындық бастаймыз. Барлығын жақсы түсінеміз, жігіттер де тез арада жинақталу қажет екенін біледі. Алда Қазақстан чемпионатында үш өте маңызды ойын бар. Солардың барлығынан максимум ұпай алуға тырысамыз. Мақсатымыз – чемпиондықты қорғау. Ал қазан айында Алматыда өтетін Чемпиондар лигасындағы «Пафоспен» матчқа дайындыққа үш күн жеткілікті. Бірақ басымдық – Қазақстан чемпионаты, – деді Уразбахтин.

Соңғы жаңалықтар