$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Қай өңірлерге су басу қаупі төніп тұр?

Редакция
20 наурыз 2025 07:43 4780
Қай өңірлерге су басу қаупі төніп тұр? Сурет авторы: Ақорда

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елімізде су тасқыны болуы ықтимал аймақтарды атады.

Оның айтуынша, биыл Қазақстанда «Тасқын» болжам жүйесі толық өндірістік қолданысқа енгізілген. Бұл жүйе арқылы жиналған ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жедел жіберіліп отыр.

«Барлық өңір үш аймаққа бөлінді. Қызыл аймаққа тасқын қаупі өте жоғары өңірлер жатқызылды. Бұл аймаққа Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары кірді. Орташа қауіп аймағына сегіз өңір енгізілді. Ал оңтүстік аймақтарда су тасқынының қаупі байқалмайды», – деді министр.

Сонымен қатар министр республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың қысқа мерзімді су астында қалу фактілері еліміздің батыс өңірлерінде тіркелгенін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар