$ 479.02 € 551.11 ₽ 5.82

Қай өңірде үйлену көп, ажырасу ше?

Редакция
18 наурыз 2026, 09:12
Қай өңірде үйлену көп, ажырасу ше? Сурет авторы: anatili.kazgazeta.kz

2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркелді. Ел бойынша ең көп үйлену фактілері Астана қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды. Ал ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысына тиесілі, деп хабарлайды ZTB.

Некенің басым бөлігі қалаларда қиылған — 68,1%, ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 31,9% болды. Алғаш рет отау құрғандардың үлесі де жоғары: ерлердің 77%-ы, әйелдердің 78%-ы бірінші рет некеге тұрған. Орташа есеппен, ер адамдар 27,9 жаста, әйелдер 25,3 жаста тұрмыс құрады.

Үйлену тойлары көбіне жаз мезгілінде өткен.

Сонымен қатар, бір жыл ішінде 45,7 мың ажырасу тіркелген. Ажырасулардың негізгі бөлігі қалаларда орын алған. Ең жоғары ажырасу деңгейі Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелсе, ең төмен көрсеткіш Түркістан облысында байқалды.

Сарапшылардың мәліметінше, ажырасулар көбіне некенің алғашқы 1–4 жылы аралығында жиі болады.

Соңғы жаңалықтар