$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Қай құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемі беріледі?

Абдрахманов Мағжан
29 қыркүйек 2025 17:29 466
Қай құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемі беріледі? Сурет авторы: Сергей Савостьянов / ТАСС

Үкімет қаулысымен құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының бірқатар лауазымдары тұрғын үй төлемдерін алатындар санатына енгізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Төлемдер төмендегі құрылымдарға қарасты қызметкерлерге қатысты болады:

  • Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының орталық аппараты мен оның комитеттері (құқықтық статистика, активтерді қайтару және т.б.);

  • Қаржылық мониторинг агенттігінің орталық және аумақтық органдары;

  • Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппараты, комитеттері және облыстық, қалалық ТЖ бөлімдері;

  • Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты, қылмыстық-атқару жүйесі, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеттері, сондай-ақ облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы полиция департаменттері.

Арнайы бөлімшелердің қызметкерлері де бұл тізімге кіреді:

  • «Арлан» арнайы жасағы;

  • Жедел әрекет ету арнайы отрядтары;

  • Кинологиялық қызмет орталықтары;

  • Патрульдік полиция, конвой қызметі, пойыздарды алып жүру батальоны;

  • Уақытша ұстау изоляторлары, арнайы қабылдағыштар, қабылдау-бөлу орындары және т.б.

Дегенмен тұрғын үй төлемдері кейбір лауазымдарға қолданылмайды. Атап айтқанда, тіл саясаты, БАҚ-пен байланыс, құжаттамалық қамтамасыз ету, кадр, қаржы, цифрландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласына жауапты қызметкерлер бұл тізімнен тыс қалды.

Қаулы 2025 жылдың 7 қазанынан бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар