$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады

Абдрахманов Мағжан
07 қазан 2025 16:38 346
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтап, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен тату көршілік қатынастарды дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

7 қазанда Владимир Путин 73 жасқа толды.

Тараптар екі елдің өзара ынтымақтастығына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылуына назар аударды.

Айта кетейік, бұл – Тоқаев пен Путиннің соңғы үш айдағы үшінші телефон арқылы әңгімесі.

  • Тамыз айының басында Путин Тоқаевқа АҚШ Президентінің арнайы өкілімен Мәскеуде өткен кездесу қорытындылары туралы баяндаған.

  • 26 қыркүйекте мемлекет басшылары Тоқаевтың Ресейге алдағы мемлекеттік сапарына дайындық барысын талқылаған болатын.

Соңғы жаңалықтар