$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты құттықтады

Редакция
06 қараша 2024 08:57 1114
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты құттықтады Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары Президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады. 

Қазақстан Президенті қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Америка халқының өсіп-өркендеуі жолындағы, сондай-ақ жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметіне табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар