$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

Каспийде қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Абдрахманов Мағжан
27 қыркүйек 2026, 12:31
Каспийде қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды. Наградалар әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін берілді.

29011 әскери бөлімі взводының командирі Олжас Мұхтарұлы Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені Сержан Аяпберген, Дастан Бегей, Мейрамбек Бердіханов, Ақжайық Гилаж, Мансұр Ғұмаров, Олжас Диханбаев, Әсет Жаңабай, Алмас Көбенов, Азамат Мәдіхан, Өмірбек Өмірзақ, Жеңіс Темірғалиев, Ақылбек Төлеген және Мирас Тұрдыбекұлына берілді.

Олардың барлығы 29011 әскери бөлімінде қызмет атқарған. Арасында бөлімше командирлері, аға матростар, граната атқыштар, атқыштар және басқа әскери мамандар бар.

Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу кезінде барлығы 14 әскери қызметші қаза тапқан еді. Бұған дейін Мемлекет басшысы олардың отбасыларына жеке көңіл айту жеделхаттарын жолдап, қаза тапқан әскери қызметшілердің мемлекеттік наградаларға ұсынылатынын хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар