$ 519.51 € 611.83 ₽ 6.6

Каспий жағалауынан табылған өлі итбалықтар саны 289-ға жетті

Редакция
30 қазан 2024 02:34 3267
Каспий жағалауынан табылған өлі итбалықтар саны 289-ға жетті Сурет авторы: Өңірлік балық шаруашылығы инспекциясы

24-29 қазан аралығында Каспий жағалауынан 289 өлі итбалық табылды. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен Гидробиология және экология институтының мамандары жағалау аймағына мониторинг жүргізіп жатыр, деп хабарлады «Лада» өңірлік басылымы.

Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Жазира Сыдықованың айтуынша, итбалықтардың қырылу себебін анықтау үшін қыркүйек айының соңынан бастап Түпқараған түбегінің батыс жағалауына мониторинг жүргізілу үстінде. Экспедиция мүшелері күн сайын Баутин мен Форт-Шевченко аралығын және оңтүстікке қарай жағалауды тексеріп, теңіз акваториясын бақылайды.

Сыдықованың айтуынша, табылған өлі итбалықтардан биологиялық сынамалар алынып, олардың жасы мен өлу себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

«Қырылу себептері туралы тек зертханалық сараптамалардан кейін айта аламыз», – деді ол.

Қазіргі уақытта оқиға орнында инспекция өкілдері, жергілікті атқарушы орган және Qazaq balyk республикалық балық шаруашылығы және аквакультура қауымдастығының филиалының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Баутин ауылына жақын маңда 151, Форт-Шевченко жағалауында үш өлі итбалық табылған болатын.

Соңғы жаңалықтар