$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Каспий теңізінің жағалауынан 150 итбалық өлі табылды

Редакция
28 қазан 2024 08:17 2350
Каспий теңізінің жағалауынан 150 итбалық өлі табылды Сурет авторы: Азамат Сәрсенбаев

Түпқараған ауданының Баутин маңында жуырдағы дауылдан кейін жағаға өлі итбалықтар шықты, деп хабарлады кәсіпкер әрі блогер Азамат Сәрсенбаев өз блогында. Оның айтуынша, ғалымдар 151 итбалықтың өлі денесін есептеп шыққан.

Оқиға орнына инспекция, әкімдік, гидробиология және экология институты, Qazaq balyk республикалық балық шаруашылықтары мен аквакультура қауымдастығының филиалының өкілдері шықты.

Итбалықтардың қырылу себебі зертханалық талдаулардан кейін белгілі болады.

Айта кетейік, биыл наурыз айының соңында Маңғыстау облысында 62 өлі итбалық табылған болатын.

Соңғы жаңалықтар