$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

Редакция
30 желтоқсан 2024 03:34 4751
Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді Сурет авторы: kndc.kz

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық деректер орталығы хабарлады.

"Қазақстан ҰЯО ГЗИ Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың 30 желтоқсанында Астана уақытымен 01 сағат 14 минутта (Гринвич уақытымен 29 желтоқсан 20 сағат 14 минутта) Каспий теңізінде жер сілкінісі болды", – делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің эпицентрі: солтүстік ендіктің 41,54 градусы, шығыс бойлықтың 49,98 градусы. Магнитудасы mb=4, энергетикалық класы K=10.9. Тереңдігі 11 км.

Зілзаладан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар