$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Каспий маңындағы қамыс өрті мың гектарды шарпыды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 4520
Каспий маңындағы қамыс өрті мың гектарды шарпыды

Каспий теңізінің Құрманғазы ауданы аумағындағы жағалауында 2 наурыздан бері қамыс өртеніп жатыр. 

"Құрманғазы ауылынан 40 шақырым қашықтықта "Құрманғазы орманшылығы" КММ аумағында 1000 гектар алаңда қамыстың жанғаны анықталды. Қамыс өртінен ауданның елді мекендеріне төніп тұрған қауіп жоқ", - делінген ТЖ департаменті таратқан ақпаратта. 

4 наурызда өрт ошағына барлау жүргізу үшін "ҚазАвиаҚұтқару" АҚ-ның МИ-8 тікұшағы әуеге көтерілді.

"Теңіз жағалауының батпақты аумағындағы 20 гектарда қамыс бықсып жатыр. Өртенген қамыстың 780 гектары өздігінен сөнді. Ал, Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 200 гектарда жалынды сөндірді. Жалынды жоюға төтенше жағдайлар департаментінен, "Құрманғазы орманшылығы" КММ-дан 37 адам, 1 техника, 4 мотопомпа, 3 моторлы қайық жұмылдырылды", - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қамыс өртін сөндіру әлі жалғасып жатыр. Бірақ, теңіз жағалаудағы батпақ пен жолдың жоқтығы жалынды сөндіруге қиындық тудырып отыр.

Соңғы жаңалықтар