$ 490.58 € 584.77 ₽ 6.34

Kaspi.kz тарифтердің өсуі туралы қауесетті жоққа шығарды

Абдрахманов Мағжан
11 ақпан 2026, 11:31
Kaspi.kz тарифтердің өсуі туралы қауесетті жоққа шығарды Сурет авторы: Bizmedia.kz

Интернетте Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсету ақысы мен қайта шығару құны өседі, сондай-ақ Kaspi Pay шарттары мен аударым комиссиялары өзгереді деген ақпарат тараған болатын. Банк бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Жалған ақпараттың таралу себебі

Банктің түсіндіруінше, мұндай жаңсақ пікірдің туындауына жаңартылған заңды құжаттағы көрсеткіштерді дұрыс түсінбеу себеп болған. Құжатта көрсетілген сомалар тарифтердің өсуі емес, ҚР заңнамасына сәйкес белгіленген шекті мәндер (предельные значения) болып табылады.

«Біздің сүйікті клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін тарифтер мен қызмет көрсету шарттары бұрынғыша қалады», — делінген банктің ресми хабарламасында.

Ашықтық қағидаты

Kaspi.kz кез келген нақты өзгерістер туралы клиенттерді әрқашан алдын ала және ашық түрде хабардар ететінін ескертті. Сондықтан пайдаланушыларды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Соңғы жаңалықтар