$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

Қаскелеңдегі мешітте жасөспірімдерді ұрған ұстаз тергеліп жатыр

Абдрахманов Мағжан
06 қазан 2026, 17:38
Қаскелеңдегі мешітте жасөспірімдерді ұрған ұстаз тергеліп жатыр Сурет авторы: видеодан кадр

Алматы облысының полициясы Қаскелеңдегі мешіт аумағында жасөспірімдерге қол көтерілген оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұған әлеуметтік желіде тараған видео себеп болған.

Кадрлардан ер адамның жасөспірімдерге бірнеше рет қол көтергенін көруге болады. Полиция тексерісі видеоның биыл 2 маусымда түсірілгенін анықтаған.

«Кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен қажетті іс жүргізу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу бақылауда. Ұстаздың әрекетіне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Kazinform мәліметінше, видеодағы ер адам – Дүйсенхан Нұрберді. Оқиғадан кейін ол мешіттегі ұстаз қызметінен босатылған.

Жасөспірімдердің ата-аналары ешқандай талап-шағымы жоқ екенін жазбаша түрде білдірген. Соған қарамастан полиция оқиғаға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар