$ 486.19 € 554.26 ₽ 6.51

Қарсы бағытқа шығып кеткен: Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
24 маусым 2026, 12:36
Қарсы бағытқа шығып кеткен: Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты Сурет авторы: видеодан кадр

Алматы облысында үш адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Апат 23 маусым күні Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Haval көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Олар алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Haval жүргізушісі қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы бірнеше жылда Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 127,5 пайызға артқан. Ал түрлі жарақат алғандар саны 49,2 мың адамға жеткен.

Соңғы жаңалықтар